Тәуекел тест-драйвы: Ұлттық банк криптонарыққа 350 млн доллар жұмсамақ
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Талай облыс басшысы қызметінен кетуі мүмкін - депутат

Талай облыс басшысы қызметінен кетуі мүмкін - депутат
Ашық дереккөз

Бүгін елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен игі жақсылардың кеңейтілген отырысы өтті. Жиында өңірлердегі басқару тиімділігі, әлеуметтік-экономикалық ахуал және алдағы кезеңге арналған нақты міндеттер талқыланды, деп хабарлайды kznews.kz.

Отырыс барысында Президент облыс әкімдерінің жұмысына қатысты бірқатар сын-ескертпе айтып, халықпен тікелей байланыс орнату мен нақты нәтиже көрсетуге баса мән беру қажеттігін атап өтті.

Бұл жиынға қатысты пікірін Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза білдірді.

«Әкім бол — халқыңа жақын бол деген сөз бар. Бүгінгі отырыста Мемлекет басшысы осы қағиданы нақты талап ретінде қойды. Мін де айтылды, сын да айтылды. Барлығы орынды. Президенттің уәжі мен ойын облыс әкімдері өздеріне түртіп алды деп ойлаймын», — деді депутат.

Оның айтуынша, алдағы 2026 жыл өңірлер үшін оңай болмайды.

«2026 жыл жеңіл жыл болмайтыны анық. Кейбір облыс басшылары үшін бұл жиын ескерту іспетті болды. Президенттің әр аймақта кім, қалай және қанша жұмыс істегенін нақты біліп отырғаны анық көрінді», — деп атап өтті Самат Нұртаза.

Сондай-ақ депутат Мемлекет басшысының алдағы күзде Қазақстан халқына Жолдауына дейін кадрлық өзгерістер болуы мүмкін екенін меңзегенін айтты.

«Мемлекет басшысы Жолдауға дейін ауыс-түйіс жасалуы мүмкін екенін аңғартты. Бұл — өңірлердегі жауапкершілікті күшейтетін маңызды сигнал», — деді ол.

Кеңейтілген отырыста өңірлерге алдағы кезеңге арналған нақты міндеттер жүктеліп, басқару сапасына қойылатын талаптың күшейетіні айқын болды.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.