Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров жаңа қызметке ие болды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Талай концертте бірге жүріп едік": Асхат Тарғын қаралы хабарды жеткізді

"Талай концертте бірге жүріп едік": Асхат Тарғын қаралы хабарды жеткізді
ашық дереккөз

Танымал әнші Асхат Тарғын ақтөбелік өнерпаз Жәнібек Бекбосыновтың дүниеден өтуіне байланысты әлеуметтік желіде жазба жариялады. Өнер иесі марқұммен бірге өткізген күндерін еске алып, оның отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Әншінің айтуынша, олар бірнеше жыл бойы араласып, Ақтөбеде өткен концерттерде бірге өнер көрсеткен. Сондай-ақ түрлі шығармашылық сапарларда да қатар жүрген.

«Жәнібек Бекбосынов, жерлесім, замандасым, талантты әнші Раббысына қайтты деген хабар естіп, көңілім түсіп отыр. Ақтөбеде талай концертте бірге жүріп едік, талай сапарлас болып едім. Алла жаныңды жәннатта шалқытсын! Өте жақсы жігіт еді. Отбасына қайғыра көңіл айтамын», – деп жазды Асхат Тарғын.

Өнер иесі марқұмның жарқын бейнесі мен адамгершілік қасиеттерін атап өтіп, жақындарына сабыр тіледі.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі