Дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева әлеуметтік желідегі парақшасында қайғылы хабарын бөлісіп, анасының өмірден өткенін естіртті, деп жазады Ozgeris.info сайты.
Өнер иесі жүрек тебірентерлік жазбасында анасын сағынышпен еске алып, ауыр қазаның орнын сөзбен жеткізудің қиын екенін айтты.
"Ақ сүт беріп өсірген анамның адалынан емген ақботасы ем, Алла ісіне шара бар ма, ақ мамамнан айырылып қалдым. 84 жасқа келіп дүниеден өтті. Мәңгілік мекеніне кетті. Анамның Алла алдынан жарылқасын", – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары Айгүл Елшібаеваға қолдау білдіріп, көңіл айтып, қайғысына ортақтасып жатыр.