Сербияда қазақ қызы жұмбақ жағдайда көз жұмды: әкесі үндеу жариялады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тайландта жоғалып кеткен әпкелі інілердің мәйіті табылды

Тайландта жоғалып кеткен әпкелі інілердің мәйіті табылды
Фото: ашық дереккөз

Таиландта із-түзсіз жоғалған Ресей азаматтары – 22 жастағы Диана мен 17 жастағы Романның қаза тапқаны анықталды, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл туралы күдіктілер тергеу барысында мойындап, мәйіттердің жасырылған орнын көрсеткен.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, полиция жастарды ұрлады деген күдікпен бірнеше адамды ұстаған. Baza Telegram-арнасының хабарлауынша, жауап алу кезінде күдіктілер Романды атып өлтіргендерін, ал Диананы да қазаға ұшыратқанын айтқан.

Тергеудің алдын ала нұсқасы бойынша, қылмысқа ағайындының мотоциклін иемдену себеп болған. Кейін бөлшектелген көлік күдіктілердің бірінің үйі маңынан көмілген күйде табылған.

Еске салайық, Диана мен Роман 25 шілдеден кейін Паттайяда скутермен үйден шығып, хабарсыз кеткен болатын. Анасының айтуынша, қызы жоғалар алдында өзін біреулер аңдып жүргенін сезетінін айтқан. Қазір іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.