Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тағы да спорттағы жемқорлық: Шымкентте бапкерлер сотталды

Тағы да спорттағы жемқорлық: Шымкентте бапкерлер сотталды

Шымкентет қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының спорт мектептерінің жаттықтырушыларына үкім шықты, деп хабарлайды Kznews.kz.



Сот үкімімен Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының спорт мектептерінің жаттықтырушылары бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша 1 және 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталған. Бас прокуратураның мәліметінше, сот талқылауы барысында жаттықтырушылар 2022 жылдан 2023 жылға дейінгі мерзім аралығында спортшылардың Алматы, Тараз қалалары мен Түркістан облысында оқу-жаттығу жиындарына барғаны туралы жалған жол жүру құжаттарын ұсынып, 6 млн теңгеден астам қаржыны жымқырғаны анықталған.



– Мемлекетке келтірілген шығын толығымен өтелді, – деп хабарлайды құзырлы орган.

Құқық қорғау органдары мемлекет қаржысын ұрлауға қарсы қылмыстарды анықтау және жолын кесу бойынша тұрақты жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлайды.
Автор
Нұрсұлтан