KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Тағы да бір вайнер жауапқа тартылды (видео)

• KZNEWS

Белгілі қазақстандық вайнер Серғазы Тоқтарбек (Секавайнес) жол ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы Алматы қалалық ІІД бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов Instagram парақшасында мәлімдеді , - деп хабарлайды Kznews.kz жаңалықтар порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Тексеруге әлеуметтік желіде вайнердің  такси жүргізушісін бейнелеген әзілге толы видеосы себеп болды. Видеода Сека қауіпсіздік белбеуін тақпай-ақ, кедей жолаушыны діттеген жеріне апармақшы болады. Қолданушылар әзілкешті жазалауды талап етіп, видеоға полицейлердің назарын аудартты. 

[video width="480" height="848" mp4="https://kznews.kz/wp-content/uploads/2022/05/rustam.abdrakhmanov__1651594991645299.mp4"][/video]

«Жолдарда қауіпсіздік белдігін пайдалану ережелерін сақтамау» бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды», - деді Рустам Әбдірахманов. .

(фото SN.kz)
KZNEWS
Қазақстан және әлем жаңалықтары
Автордың басқа материалдары →