Жаңа транзит жолы: Қазақстан Қырғызстанға 35 мың тонна мұнай жөнелтті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тағы да бір ана көз жұмды: Түркістанда сұмдық жағдай орын алды

Тағы да бір ана көз жұмды: Түркістанда сұмдық жағдай орын алды
Фото: ИА «Победа26»

Түркістанда отбасылық жанжал қайғылы жағдайға ұласып, 54 жастағы әйел қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, әйелге пышақ жарақатын оның күйеуі салған. Күдікті қазір қамауға алынған, деп хабарлайды kznews.kz.

Қайғылы оқиғаны алғаш болып ерлі-зайыптылардың кенже ұлы байқаған. Анасының дауысын естіген ол бөлмеге кіргенде, әйелді ауыр жарақат алған күйде көріп, жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалуға тырысқанымен, әйел ауруханада көз жұмған.

Көршілердің айтуынша, ерлі-зайыптылар шамамен 25 жыл бірге тұрған және төрт бала тәрбиелеген. Оқиғадан кейін ер адам өзіне де пышақ жарақатын салып, өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Ол медициналық көмекке жүгінген.

Қазір аталған дерек бойынша тергеу жүріп жатыр. Отбасылық жанжалдың неден басталғаны және қылмыстың нақты мән-жайы анықталуда.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.