KZNews.kz
Білім

Табиғатты қорғаудағы халық болжамдары балабақшадағы ашық сабақтар

KZNEWS

Күні:
Пәні:Айналаны  қоршаған орта.Экология
Тақырыбы:Табиғатты қорғаудағы халық болжамдары
Мақсаты:      1. Ауа райындағы  халық болжамдары жайлы  түсінік беру.
2.Ой-өрісін,сана-сезімін,дүниетанымын дамыту.
3.Мейірімділікке,шынайылыққа,адалдыққа,табиғаттың бір бөлігі құстарды  аялауға   тәрбиелеу.
Көрнекілігі:      Мазмұнды суреттер
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру,әңгіме
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы:I Ұйымдастыру кезеңі
                        Балалармен амандасып,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.
IV Мақсат қою
Балалар табиғатты қорғаудағы халық болжамдары туралы әңгімелесеміз.
V Жаңа сабақ
1.Қыс қалы болса-жаз жаңбырлы болады.
2.Қыс аязды болса-жаз ыстық болады.
3.Тұман түссе-күн жылынады.
4.Мысық жылы жерді паналаса-аяз болады
5.Аспанда жұлдыз көп болса-қыс ұзақ болады.
6.Сары шылшық ысқырса-шынымен күз болғаны.
7.Қайыңнан аққан шырын көп болса-жаз жаңбырлы болады.
8.Түтін аспанға тік көтерілсе-аяз болады.
Тыйым сөздер:
Гүлді үзбе,Көкті таптама,
Құмырсқаның илеуін бұзба,
Құстың ұясын бұзба,Құстың баласына тиіспе қарғысына қаласың
Көк шөпті жұлма-көктей соласың.Судың да сұрауы бар,бекер шашпа,
Бұлақты ластама,қайта көзін аш.Жалғыз ағашты кеспе.
Ақбөкенді атпа.Кірдің суын жолға төкпе.

Сергіту сәті: Табиғатты сүйеміз
               Қанат жаям жалма –жан
               Иіліп келіп қол созам
               Аяғымның ұшына

VI Жаңа сабақты түсінгенін тексеру
-Қазір жылдың қай иезгілі?
-Биылғы қыс қандай болды?
-Аязды,суық
-Жаз қандай болады деп ойлайсыңдар?
-Ыстық
VII Бекіту
-Балалар сонымен қандай тақырып өттік?
-Табиғат жайлы қандай халық болжамдары бар екен?
VIII Бағалау  Сабаққа жақсы,белсенді қатысқан баланы мадақтау.
                                                                                                                                    

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

KZNEWS
Автордың басқа материалдары