Жалпы, есепті кезеңде экспорт көлемі 60,39 млрд долларға жетіп, бір жылда 19,5 пайызға өсті. Ал импорт 42,57 млрд долларды құрап, 4,5 пайызға артқан.
Талдауға сәйкес, биыл да Қазақстан экспортының басым бөлігі шикі мұнай мен битуминозды минералдардан алынатын мұнай өнімдеріне тиесілі болып отыр. Олардың үлесі жалпы экспорттың 49,8 пайызын құрады. Одан кейін тазартылған мыс пен өңделмеген мыс қорытпалары - 6,4 пайыз, радиоактивті химиялық элементтер мен изотоптар - 5,1 пайыз, мыс кендері мен концентраттары - 4,4 пайыз және ферроқорытпалар - 2,2 пайыз үлеспен тұр.
Сондай-ақ, импорт құрылымында жеңіл автомобильдер мен өзге де моторлы көлік құралдарының үлесі 3,3 пайызға жеткен. Ал телефон аппараттарының үлесі 2,7 пайыз, дәрілік заттар үлесі 2,5 пайыз, мұнай газдары мен өзге де газ тәрізді көмірсутектер үлесі 2,4 пайыз және электрогенераторлы қондырғылар мен айналмалы электр түрлендіргіштер үлесі 2,2 пайыз болды.
Айтпақшы, Қазақстанның негізгі экспорттық серіктестері қатарында 18 пайыз үлеспен Италия, 17,6 пайыз үлеспен Қытай, 8,5 пайыз үлеспен Ресей, 7,9 пайыз үлеспен Түркия, 6,1 пайыз үлеспен Франция және 5,9 пайыз үлеспен Нидерланд елдері бар.
Ал импорт бойынша Ресей 31 пайыз үлеспен бірінші орында тұр. Екінші орынға Қытай 29,8 пайыз үлеспен шықты. Сондай-ақ, келетін тауар бойынша Германия үлесі 4,6 пайыз, АҚШ үлесі 3,9 пайыз, Оңтүстік Корея – 2,5 пайыз және Түркия 2,1 пайыз болды.
Талдауға сәйкес, Осылайша, есепті кезеңдегі сыртқы сауда айналымындағы экспорттың өсу қарқыны импорттан едәуір жоғары болды. Яғни, сегіз айдағы экспорт көлемі импорттан шамамен 17,82 млрд долларға артық. Бұл ретте экспорт құрылымында шикізат тауарларының, әсіресе мұнайдың үлесі басым болып отыр.