Түркістан облысында Сырдария өзеніне батып кеткен екі ағайындының екіншісінің денесі табылды, деп хабарлайды kznews.kz.
Оқиға 22 тамызда Сауран ауданына қарасты Үшқайық ауылдық округі аумағында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 2002 жылы туған азамат суға түсуге тыйым салынған жерде шомылып жүріп батып кеткен.
Оны құтқаруға ұмтылған 1998 жылы туған ағасы да өзенге батып кеткен.
24 тамызда құтқарушылар 2002 жылы туған азаматтың денесін оқиға орнынан шамамен 6 шақырым жерден тапты.
Ал 25 тамызда екінші азаматтың денесі оқиға орнынан шамамен 30 шақырым қашықтықтан анықталып, судан шығарылды.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына 90-ға жуық адам, арнайы техника, жүзу құралдары және дрондар жұмылдырылған.