«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Сыра патшасы бостандық сұрады

Сыра патшасы бостандық сұрады
Ашық дереккөзден

2016 жылы 21 жылға бас бостандығынан айырылған «Шымкент сыра қайнату зауытының» бұрынғы иесі Тоқтар Төлешов өзіне қатысты істі Қылмыстық кодекстің жеңілірек бөлігі бойынша қайта саралауды сұрап, сотқа өтініш берді,деп хабарлайды kznews.kz.

Төлешовтің адвокаты Ыдырыс Әбішевтің айтуынша, тиісті өтініш Қарағанды облысының Абай аудандық сотына жолданған. Қорғаушы тарап Қылмыстық кодекстің сотталған адамның жағдайын жақсартатын заңның кері күшін қарастыратын 6-бабына сүйеніп отыр.

– Төлешов Тоқтар Жүсіпұлына қатысты Қарағанды облысының Абай аудандық сотына қылмыстық заңның кері күшін қолдану туралы өтініш жолданды. Қылмыстық кодекстің 6-бабында сотталған адамның жағдайын жақсартатын заңның кері күші бар екені қарастырылған. Біз осы нормаға сүйеніп өтініш бердік, – деді адвокат.

Оның сөзінше, Төлешовке үкім шығарылғаннан бері Қылмыстық кодекске бірқатар өзгеріс енгізілген. Соның ішінде ол сотталған баптарға да түзетулер жасалған. Кейбір саралаушы белгілердің декриминализациялануына байланысты қорғаушы тарап оның әрекеттерін Қылмыстық кодекстің жеңілірек бөлігіне қайта саралауға негіз бар деп есептейді.

Алайда адвокат сотқа берілген өтініштен нақты қандай нәтиже күтетіндерін айтуға әлі ерте екенін жеткізді.

Тоқтар Төлешов 2016 жылы мамандандырылған ауданаралық әскери соттың үкімімен 21 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленген. Оған мемлекеттік төңкеріс жасауға дайындалу және басқа да бірқатар қылмыс бойынша айып тағылған.

2017 жылы Төлешов салық төлеуден жалтарды деп те танылып, бес жылға бас бостандығынан айырылған. Сондай-ақ мемлекетке 1,4 млрд теңгеден астам қаржы төлеуге міндеттелген.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.