"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Шындық биігінде жолығайық": Мұхтар Шаханов Тәуелсіздік күнінде ерекше бата берді (ВИДЕО)

"Шындық биігінде жолығайық": Мұхтар Шаханов Тәуелсіздік күнінде ерекше бата берді (ВИДЕО)
ozgeris.info коллажы

Тәуелсіздік күні қарсаңында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, халық ақыны Мұхтар Шаханов ел жастарына, соның ішінде қазақ қыздарына ақ батасын берді. Бұл туралы ozgeris.info сайты хабарлады.

Ақынның батасы әлеуметтік желіде тараған бейнежазба арқылы көпшілікке жеткен. Жазбаны almatypovar_aigul Instagram парақшасы жариялаған. Өз сөзінде Мұхтар Шаханов батасын "Шындық биігінде жолығайық" деген терең мағыналы тілекпен түйіндеді.

Жазба авторы Желтоқсан оқиғасының тарихи мәніне тоқталып, 1986 жылғы көтерілістің Тәуелсіздікке бастар алғашқы қадам болғанын атап өтті. Оның айтуынша, жыл сайын 16 желтоқсанда елімізде мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылғанымен, дәл осы күні жазықсыз жапа шеккен жастардың қасіреті ұмыт қалмауы тиіс.

"Қазақ елі Тәуелсіздікке оңайлықпен жеткен жоқ. Желтоқсан құрбандарының ақталуына, қазақ тілінің ұлттық мәртебе алуына өлшеусіз үлес қосқан ұлы тұлғалардың бірі – Мұхтар Шаханов. Мұхтар атамыздың ақ батасын алу – біз үшін үлкен мәртебе", – деп жазды парақша иесі.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер