Мұхтар Шаханов – Эйнштейн атындағы сыйлықтың иегері, есімі БҰҰ-ның Алтын кітабына енген тұлға. Сондай-ақ ол бірнеше елдің құрметті азаматы атанған, деп хабарлайды kznews.kz.
Алайда ақын атақ-даңққа қызықпаған. Өзіне ұсынылған «Халық қаһарманы» атағынан да бас тартқан. Ақын үшін ең үлкен құрмет – халықтың шынайы ықыласы.
"Эйнштейін атындағы сыйлықты дүние жүзінде менен бұрын 18 адам алған екен. Сол сыйлықты алу маған да бұйырыпты. Менің есімім БҰҰ-ның алтын кітабына жазылған. Американың, Францияның, Англияның, Жапонияның, Пәкістанның және тағы басқа елдердің қалаларының "Құрметті азаматы" атағы берілген. Бірақ мен атақ-даңққа қызыққан адам емеспін. Кезінде маған "Халық қаһарманы" атағын берді. Қол қойып қойған кезде мен алмадым. Себебі менің ұстанымым бар. Отан – біздің ең үлкен анамыз. Әркім өз анасына сіңірген еңбегі үшін құрметпен өтуі керек. Бірақ Отан да өзінің дараланған перзенттерін марапаттап отыруы шарт. Бірақ ол өте әділетті болуы керек", – деді Мұхтар Шаханов.
Сәлден кейін эфирден Халық жазушысы Мұхтар Шаханов туралы түсірілген «Шындығын жоғалтпаған ақын» деректі фильмі көрсетіледі.