Танымал әнші Тамара Асар су жаңа атағымен құттықтап жатқан жандарға алғыс айтты. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Сынақтан кейін, сый алған күн. Алланың бұйыртқаны осылай екен. Бергенін жақсылығымен, қайырымен берсін. Ардақты аайын! Мені “Қазақстанның Халық әртісі” марапатыммен құттықтап жатқан қалың ел қазағыма бас идім. Құттықтаған жандардың әрқайсысының кеудесінде осындай алтын жұлдыз жарқырасын, – деді әнші.
Сондай-ақ эстрада жұлдызы 25 жылдан бері өнерге адал қызмет еткенін, атаққа әбден лайық екенін жазды.
“Бұл қалай алды,не үшін алды?” деген оймен, оған жақ пен тілге жағымсыз сөз қосқан жандар да менің сүйікті көрерменім. Оларға түсіндіре кетейін: Мен Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясында қызмет етіп келе жатқаныма – 25 жыл. Маңғыстаудың тышқан мұрны қанатқан бір мерекесінен қалып көрмедім. Берілетін мемелекеттік айлыққа қанағат етіп, барлық шарасына шақырса да, шақырмаса да өзім барып, әлі күнге қатысамын. Жаңа костюм, жаңа репертуар барлығын бұлжытпай орындауға тырысамын. Маған туған жерім риза! Шүкір", – деп жазды Тамара Асар.