Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы заң жобасын талқылау кезінде депутат Бақытжан Базарбек полиция қызметіне қатысты қатты сын айтты. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Неге мен көріп отырғанды, комиссия көріп отырғанды полиция көрмейді? Неге полицейлер қол қусырып отыр? Мұны мен бірнеше рет айттым, сірә, қартайып та кетермін. Алдын алу жұмыстары жоқ. Учаскелік инспекторлар өз аумағында жұмыс істемейді. Заңсыз өндіру фактілері туралы бірнеше рет айттым, материалдарды Бас прокуратураға жібердім, бірақ сіздің ведомствоңыз тарапынан ешқандай жауап жоқ. Дәл сіз өзіңіз менімен байланысқа шығамыз дегенсіз, алайда ішкі істер министрлігінен әлі ешкім хабарласқан жоқ", – деді депутат.
Эмоциялық сөзінен кейін Қошанов әріптесін сабыр сақтауға шақырды.
"Сын айтыңыз, бірақ жеке басқа өтпеңіз", – деді палата төрағасы Қошанов.