Халықтың 5 пайызы кедей: өңірлердің әлеуметтік әлеуеті әлсіреді ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Шымкенттегі Нұрай Серікбай ісі: күдіктіге қатысты тың мәлімет шықты

Шымкенттегі Нұрай Серікбай ісі: күдіктіге қатысты тың мәлімет шықты
ашық дереккөзден

Шымкентте қаза тапқан Нұрай Серікбай ісі бойынша тергеу аяқталуға жақын. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Сенат кулуарында мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, күдіктіге қатысты сот-психиатриялық сараптама жүргізіліп, оның қорытындысы шыққан. Нәтижесінде, күдікті ақыл-есі дұрыс деп танылып, заң алдында толық жауап беретін болады.

Бұған дейін марқұмның ағасы Сұлтан Серікбай күдіктінің психикалық орталыққа ауыстырылғанын айтып, оның жазадан жалтаруы мүмкін екенін алға тартқан еді. Алайда ресми органдар бұл күдіктің негізсіз екенін жеткізді.

Еске салсақ, 2026 жылдың 11 қаңтары кешінде 21 жастағы Нұрай Серікбайды танысы пышақтап өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен. Күдікті екі күннен кейін ұсталды.

Қазіргі таңда оған бірнеше бап бойынша айып тағылған. Атап айтқанда, "некеге мәжбүрлеу", "сталкинг" және "аса қатыгездікпен адам өлтіру" баптары бойынша тергеу жүргізілуде.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер