KZNEWS.KZ
Білім

Шымкентте көшеде жасөспірім 5-сынып оқушысын соққыға жыққан

Азамат Қойшығара
Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде Шымкентте ер адамның баланы соққыға жыққан сәті бейнеленген видео тарады, деп хабарлайды kznews.kz.

Шымкент қаласы полиция департаментінің мәліметінше, аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Белгілі болғандай, олар — көрші тұратын 10-сынып және 5-сынып оқушылары.

— Оқиғаға қатысушылар ата-аналарымен бірге полицияға жеткізілді. Тексеру барысында бұған дейін кәмелетке толмағандар арасында жанжал болғаны анықталды. Кейін 10-сынып оқушысы оны көшеде кездестіріп, күш қолданған, — делінген хабарламада.

Полиция мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін және жанжалдың мән-жайына қарамастан, оларға міндетті түрде құқықтық баға берілетінін атап өтті.

— Кәмелетке толмаған балалардың ата-анасы баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Материалдар кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жолданды, — деп мәлімдеді ведомство.

Азамат Қойшығара
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда т...
Автордың басқа материалдары →