"3 бала әкесіз қалды" – Қарағандыда теміржолшы поездың астына түсіп, мерт болды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Артыңа ағаш тығамыз”: Степногорскта 5-сынып оқушылары 1-сынып баласын соққыға жыққан

“Артыңа ағаш тығамыз”: Степногорскта 5-сынып оқушылары 1-сынып баласын соққыға жыққан
Фото: Shutterstock

Ақмола облысының Степногорск қаласында мектеп оқушылары арасындағы жанжал қоғам назарын аударды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 5-сыныптың үш оқушысы 1-сыныпта оқитын баланы соққыға жыққан, деп хабарлайды kznews.kz.

Оқиға 2 мамыр күні «Махаббат аллеясы» аумағында болған. Жәбірленуші баланың анасының айтуынша, ұлы досымен бірге велосипед теуіп жүрген кезде бірнеше жасөспірім келіп, оны қорқытып, әуелі қоқан-лоқы көрсеткен. Кейін қуып жетіп, ұрып-соққан.

Әйелдің сөзінше, шабуыл кезінде бала басын жиектасқа соғып алған. Келесі күні оның жағдайы нашарлап, ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер тексеріс жүргізгенімен, ауыр жарақат анықталмаған, дегенмен баланың денесінде көгерген іздер бар, ал тізесі мен аяғы ауырсынған.

Аталған жағдайға қатысты Ақмола облыстық полиция департаменті тексеру басталғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалардың жеке басы анықталған.

Құзырлы органдар тексеру нәтижесіне қарай тиісті процессуалдық шешім қабылдайтынын хабарлады.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.