KZNews.kz
Аймақ

Шымкентте көлік қақтығысынан кейін жаппай төбелес болып, 40 жастағы ер адам көз жұмды

Дархан Тоқан
Фото: Бейнежазбадан кескін

20 қаңтар күні Шымкентте болған жол апатынан кейінгі жанжал төбелеске ұласып, салдарынан бір адам қаза тапты. Оқиғаға байланысты полиция күдіктілерді іздестіріп жатыр, деп хабарлайды kznews.kz .

Мәліметке қарағанда, оқиға Ерімбетов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында тіркелген. Екі көліктің жүргізушісі жол апатынан соң бір-бірімен сөзге келіп, жанжал ушыққан. Сол сәтте олардың қасына тағы бір көлік тоқтап, ішінен шыққан адамдар да дау-дамайға араласқаны айтылады.

Ары қарай жағдай бақылаудан шығып, төбелеске айналған. Қақтығыс кезінде бірнеше адам жарақат алып, екі адам ауруханаға жеткізілген. Алайда олардың бірі — 40 жастағы ер адам алған жарақатынан көз жұмған.

Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғаған. Құқық қорғау органдары күдіктілерді анықтап, ұстауға бағытталған шаралар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

«Күдіктілерді ұстау үшін жедел-іздестіру іс-шараларына департаменттің барлық күштері мен құралдары жұмылдырылды», – деп хабарлаған полиция.

Дархан Тоқан
Автордың басқа материалдары