Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Шымкентте 21 жастағы қызды пышақтап өлтірген 28 жастағы жігіт ұсталды (ФОТО, ВИДЕО)

Шымкентте 21 жастағы қызды пышақтап өлтірген 28 жастағы жігіт ұсталды (ФОТО, ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты күдікті қолға түсті. Бұл ақпаратты полиция растады, деп хабарлайды kznews.kz.

Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі қазіргі таңда 28 жастағы қала тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 21 жастағы шымкенттік тұрғынды өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды. Іздеу жұмыстарына қалалық полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Қалаға кіріп-шығатын жолдарда бақылау күшейтіліп, аумақ толықтай тексерілді. Күдікті қала шетінен шамамен 10 шақырым қашықтағы ашық аумақтан табылып, ұсталды", – делінген полиция хабарламасында.

Бұған дейін күдіктінің марқұммен таныс болғаны анықталған. Қылмыстың себептері мен мән-жайын тергеу барысында анықталмақ.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер