Қытайда 1110 миллиардер бар: әлемдік байлықтың шоғырлануы Азияға ойысты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Шымкентте 17 жасар қызды алып қашқан үш жігіт сотталды

Шымкентте 17 жасар қызды алып қашқан үш жігіт сотталды
Фото: ЖИ

Шымкентте 17 жастағы бойжеткенді алып қашу ісі бойынша сот үкімі жарияланды. Кәмелетке толмаған қызды күштеп алып кеткені үшін кінәлі деп танылған үш азамат үш жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Оқиға өткен жылдың қараша айында болған. Іс материалдарына сәйкес, жәбірленуші қыз күдіктілердің бірімен бұрыннан таныс болған және онымен бірнеше рет кездескен. Алайда сот барысында бойжеткеннің тұрмысқа шығуға немесе алып қашуға келісім бермегені анықталған.

Судьяның айтуынша, қыздың көлікке өз еркімен отырғаны рас болғанымен, ол сол күні тек кездесуге шыққан. Сондықтан бұл жағдайды неке қиюға немесе алып қашуға келісім ретінде қарастыруға болмайды.

«Жәбірленуші жігітпен кездесуге барған. Бірақ оны алып қашуға келісім берген жоқ. Бұл сот барысында дәлелденді», – деді судья үкім шығару кезінде.

Ал сотталғандардың туыстары бұл шешіммен келіспейтіндерін мәлімдеді. Кінәлі деп танылған жігіттің анасы бойжеткеннің олардың үйінде өз еркімен болғанын айтып, оқиғаға басқаша баға беру қажет деп есептейді. Оның сөзінше, қызды алып кетуге келген туыстарының өзіне де алғашында бірге кетуден бас тартқан.

Сотталғандардың бірі үш баланың әкесі екені белгілі болды. Оның жұбайы да сот үкімін әділетсіз деп санап, отбасы апелляциялық шағым түсіруге дайындалып жатқанын айтты.

Еске сала кетейік, бұған дейін 17 жастағы қыз өзін Шымкенттен Сарыағаш ауданына күштеп алып кеткенін мәлімдеген болатын. Сондай-ақ ол күдіктінің туыстары өз еркімен келгенін растайтын қолхат жазуға мәжбүрлегенін айтқан.

Қазіргі таңда аталған іс бойынша үш адамға қатысты сот үкімі заңды түрде жарияланды. Ал оқиғаға қатысы бар деп күдікке ілінген тағы бір адамға іздеу жарияланып, оны анықтау және ұстау шаралары жалғасып жатыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.