Инвестиция рейтингі: еліміздің тартымдылығы 17 пайызға жоғарылады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

24 жасар Қазақстан азаматы Грекияда 125 жылға сотталды

24 жасар Қазақстан азаматы Грекияда 125 жылға сотталды
Фото: ашық дереккөз

Грекияда заңсыз мигранттарды тасымалдады деген айыппен сотталған 24 жастағы Қазақстан азаматы 125 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Ведомствоның мәліметінше, қазақстандық азамат қазіргі уақытта Грекияның Трикала қаласындағы түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Ол заңсыз мигранттарды тасымалдауға қатысты ауыр қылмыс бабы бойынша кінәлі деп танылған.

Сотталған жігіттің анасының айтуынша, ұлы әлеуметтік желіде Түркиядағы жұмыс туралы хабарландыруды көріп, сондағы ұсынысқа келіскен. Оның сөзінше, жұмыс берушілер туристерді моторлы қайықпен серуендететін қызмет ұсынамыз деп сендірген. Алайда кейін ол заңсыз мигранттарды тасымалдады деген күдікпен ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Сондай-ақ анасы тергеу барысында ұлына аудармашы берілмегенін және құжаттарға жаза мерзімі ұлғаяды деген қысыммен қол қойғанын мәлімдеді.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі аталған іске қатысты қазақстандыққа қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатқанын хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, бұл мәселе министрліктің тұрақты бақылауында тұр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.