KZNews.kz
Қоғам

Шымкент прокуратурасы блогер Айгүл Орынбекке қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растады

Ayzhan Sylanova
Фото: әлеуметтік желіден

Шымкент қаласының прокуратурасы блогер әрі заңгер Айгүл Орынбекке қарсы қылмыстық іс қозғалғанын растады, деп хабарлайды kznews.kz.

Тергеу барысында Орынбекке үш бап бойынша айып тағылды: ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 3-бөлігі, 1-тармағы — ірі өлшемдегі алаяқтық; 407-бабы, 2-бөлігі — сотқа дейінгі тергеуге кедергі келтіру; 423-бабы — тергеу деректерін жариялау.

Прокуратураның мәліметінше, «қазіргі уақытта іс бойынша барлық мән-жайларды жан-жақты, толық әрі объективті зерттеу үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр».

Айгүл Орынбек бұған дейін өзінің қамауға алынғаны туралы ақпаратты жоққа шығарған, полиция оны ұстамағанын мәлімдеген еді.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары