Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовқа қатысты әлеуметтік желіде жаңа жазба жарияланды, деп хабарлайды kznews.kz.
"Сыйластық - ағайынның айнасы! Ағаны сыйлау, құрметтеу, демеу болып, тек жақсылық тілеу - қазақы болмыстың өзегі! Өмір - үлкен жол! Сол жолда жаныңда әркез табылатын бауыр, аға, дос — ең үлкен байлық. Өйткені адамды биік ететін — оның қасында жүрген жақындары. Қамшының сабындай болған қысқа ғана ғұмырда сыйласып, жақсы тілекте болайық! Әрдайым амандық жақсылық болсын ағайын!" – деп жазды Әділ Орынбасар.