Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауылында отбасылық жанжал қайғылы жағдаймен аяқталды. Оқиға салдарынан 31 жастағы әйел мен 36 жастағы ер адам қаза тапты, деп хабарлайды kznews.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, бірге тұратын ер адам алкогольдік ішімдік ішіп, жанжал кезінде әйелге ауыр дене жарақатын салған. Әйел алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмған.
Кейін ер адам өз-өзіне қол жұмсап, қайтыс болған.
Қазір аталған факті бойынша қылмыстық істер қозғалды. Полиция қызметкерлері қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтап, тиісті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.