Қызметкерлерге баспана, қауіпсіз еңбек және лайықты жалақы: «Әділет» партиясы әлеуметтік жауапкершілігі бар бизнес құруға шақырады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағандарға қомақты сыйақы беріледі

Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағандарға қомақты сыйақы беріледі
Фото: ашық дереккөздерден

Елімізде 22-тамыздан бастап сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарға ақшалай сыйақы төлеу тәртібі қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, жемқорлық құқық бұзушылықты анықтауға ықпал еткен ақпарат алдымен тексеріледі. Одан кейін арнайы комиссия сыйақы төлеу туралы шешім қабылдайды. Мақұлданған жағдайда қаражат хабар берушінің банк шотына аударылады.

Сыйақы мөлшері анықталған параның немесе келтірілген залалдың көлеміне байланысты белгіленеді. Ең жоғары төлем 17,3 млн теңгеге дейін жетуі мүмкін.

Айтпақшы, бұл мүмкіндік қызметтік міндетіне байланысты сыбайлас жемқорлық туралы хабарлауға тиіс мемлекеттік қызметшілерге қолданылмайды екен. Оларға ақшалай сыйақының орнына алғыс жариялау немесе грамота табыстау қарастырылған-мыс.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.