Елдегі ең ықпалды әйелдер. Олар кімдер?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

3,7 млрд теңге залал: ҰҚК екі айда 201 сыбайлас жемқорлық қылмысын анықтады

3,7 млрд теңге залал: ҰҚК екі айда 201 сыбайлас жемқорлық қылмысын анықтады
Фото: ашық дереккөздерден

Өкінішке қарай, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстардың ауқымы әлі де жоғары. Бұған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шілде және тамыз айларында 201 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтауы дәлел.

Осы уақыт ішіндегі негізгі фактілер парақорлық, қаражатты жымқыру, алаяқтық, қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану және асыра пайдалану бойынша тіркелген.

Жалпы, екі айда осы істер бойынша 140 адам күдікке ілініп, 126 қылмыстық істің тергеуі аяқталған. Оның ішінде 110 іс сотқа жолданды. Демек, аяқталған істердің басым бөлігі сот қарауына жеткен. Және мұндағы маңызды көрсеткіш келтірілген залалда болып отыр. Аяқталған қылмыстық істер бойынша оның көлемі 3,7 млрд теңгеге жеткен. Орта есеппен бір аяқталған іске шамамен 29,4 млн теңгеден келеді.

Жалпы, бұл статистика сыбайлас жемқорлықтың тек жеке тұлғаның заңсыз әрекеті емес, мемлекет қаржысы мен экономикалық ресурстарға тікелей әсер ететін проблема екенін көрсетеді. Сондықтан мұнда басты мәселе қылмысты анықтаумен қатар, келтірілген залалды мемлекетке қайтару және мұндай схемалардың алдын алу болып отыр.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.