Зейнетақы нарығы: жиған-тергеніміз желге ұшпай ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Сүріле ме, әлде жөнделе ме? Қайрат Сатыбалдының Алматыдағы бұрынғы қонақүйінде не болып жатыр?

Сүріле ме, әлде жөнделе ме? Қайрат Сатыбалдының Алматыдағы бұрынғы қонақүйінде не болып жатыр?
Фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы Есентай өзені жағасында орналасқан Қайрат Сатыбалдының бұрынғы қонақүйі түсірілген кадрлар пайда болды. Желі қолданушылары ғимарат бұзылып жатыр деп болжады, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұрынғы қонақүйдің тағдыры не болмақ?

Алматы әкімдігі ғимаратты сүрү жоспарда жоқ екенін мәлімдеді. Билік мәліметінше, нысанның жағдайы нашар болған, сондықтан қазір онда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Бұрынғы қонақүй ғимараты бұзылып жатқан жоқ. Нысанда қасбеті мен терезе ойықтарын қалпына келтіруді, ішкі бөлмелерді жөндеуді, сондай-ақ іргелес аумақты абаттандыруды қамтитын кешенді жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жұмыс жоспары бойынша ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізіледі", – деп хабарлады әкімдік.

Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ғимаратты қайта пайдалануға беру жоспарланған.

Қонақүй сүрілмейді: онда не ашылмақ?

Бұған дейін ғимаратқа Алматы соттарын орналастыру жоспарланған болатын. Алайда жоспар өзгерді – енді мұнда IT-хаб ашылмақ.

Жоба инвесторы – LeanQor ЖШС. Әкімдік мәліметінше, "Алматы" ӘКК ғимаратты жөндеу және кейін пайдалануға беру үшін ұсынады, ал инвестор жұмыстарды өз қаражаты есебінен қаржыландырады.

"Қаланың заманауи нысандарға деген қажеттілігін ескере отырып, бұрын жеке меншікте болған бос тұрған ғимаратты сүрудің орнына оны тиімді пайдалану туралы шешім қабылданды. Жобаны іске асыру қолданыстағы нысанды ұтымды пайдалануға және IT, жасанды интеллект пен сабақтас бағыттарды дамытуға арналған инфрақұрылым құруға мүмкіндік береді", – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Болашақта бұл алаңды IT, жасанды интеллект және креативті индустрия саласындағы жобалар үшін пайдалану жоспарланған. Сондай-ақ онда осы бағыттарда жұмыс істейтін резиденттер орналаса алады.

Жоба аяқталғаннан кейін ғимаратты жер учаскесімен бірге Алматының Цифрландыру басқармасына беру көзделіп отыр.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.