Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Қайрат» – «Реал» матчы: жанкүйерлер билет сату жүйесін сынап жатыр

«Қайрат» – «Реал» матчы: жанкүйерлер билет сату жүйесін сынап жатыр
Спорт Шредингера

23 қыркүйек күні сағат 17:00-де Алматыда өтетін «Қайрат» – «Реал» Лига чемпиондары матчының билеттері ресми сатылымға шықты.

Алайда жанкүйерлер күткендей, сұраныс өте жоғары болып, бір мезетте ондаған мың адам жүйеге кіріп, виртуалды кезекке тұрды. Бұл үлкен ажиотажбен қатар, сын-ескертпелерге де себеп болды.

 Билеттер клубтың ресми сайтында, арнайы сервис арқылы және Qairat SuperApp қосымшасында сатылды. Кіру кезінде виртуалды кезек пайда болып, күту уақыты ұзаққа созылды.

️ Көптеген жанкүйерлер техникалық ақауларға, жүйенің баяулығына және билеттердің қолжетімсіздігіне шағымданды.

️ Әлеуметтік желілерде билет сатып ала алмағандар көп болды. Кейбіреулер болса, билеттердің әлдеқашан алыпсатарлардың қолына өткенін айтып отыр.

️ Билеттердің қымбаттығы да қызу талқыланды – баға 30 мыңнан 250 мың теңгеге дейін. Кейбір жанкүйерлер мұндай ақшаға ойынға барудың қажеті жоқ десе, басқалары «армандаған матчқа кез келген баға жарасады» деп пікір білдірді.

Жанкүйерлер Instagram, Threads және Telegram-да ойынға билет алу Гарвардқа түскеннен де қиын екенін әзілдеп жазды.

Бірі жүйке жұқартпай, ойынды үйден көруді дұрыс деп тапса, тағы бірі Испанияға барып, матчты сол жақтан көру оңайырақ деген пікір айтты.

Дегенмен, аз болса да, билет алып үлгерген жанкүйерлер қуаныштарын бөлісіп жатыр.

«Қайрат» клубы билеттер бір ИИН-ге тек екі данадан ғана берілетінін және тексеру қатаң жүргізілетінін хабарлаған.

Баға саясаты УЕФА-мен келісілген: 30 000 – 250 000 теңге аралығында. Бұл Лига чемпиондары матчтарының халықаралық стандарттарына сай келеді.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.