Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс сайлау өтеді - Тоқаев
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Суретін көргенде отыра қалып жыладым": Елордалық әйел шашының жартысы түсіп қалған 7 жасар қыз үшін көмек сұрады - Қазақстан жаңалықтары

"Суретін көргенде отыра қалып жыладым": Елордалық әйел шашының жартысы түсіп қалған 7 жасар қыз үшін көмек сұрады - Қазақстан жаңалықтары

Елорда тұрғыны 7 жасар қыздың жағдайы туралы айтып, көмек сұрады. Оның сөзінше, бүгінгі таңда белгісіз себептермен қыздың шашы түсіп қалып, ақсап жүретін болған. Мүмкін мұның артында ауыр дерт жатқан шығар, деп шошиды астаналық әйел, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Бұл туралы Зинара Салихова есімді желі қолданушысы Facebook желісіндегі «Астана, хочу похвалить/пожаловаться» тобында жазды. 

Оның айтуынша, 7 баланың анасы өзіне қызының суретін жіберіп, көмек сұраған. 

«Жеті баланың анасы жіберген суреттерді көргенде отыра қалып, жылап жібердім. Қазіргі уақытта шашының жартысына жуығы түсіп қалған және ақсап жүре бастаған 7 жасар қызды тексерту үшін көмек сұраймын. Дәл қазір қызды трихолог мен генетикке ақылы негізде жіберіп отыр. Сонымен қатар оның шашының түйіні бар-жоғын көру үшін, басын УДЗ-ға түсіру керек. Бала ұялады. Ол бірінші сыныпта оқиды», - деп жазды әйел.

Өз сөзінде тұрғын қызды ақылы мамандарға жібермей-ақ, неліктен шұғыл әрі тегін тексеруге болмайтынын сұрайды. 

«Мүмкін мұның артында ауыр дерт жатқан шығар.Құзырлы органдардан осы қыздың мәселесіне назар аударып, оның денсаулығы мен сенімділігін қалпына келтіруге көмек берулеріңізді сұраймын», - дейді ол. 

Ал елордалық денсаулық сақтау басқармасындағылар қазіргі уақытта қыздың қажетті медициналық тексерулерден өтіп жатқанын айтты. 

«Әлеуметтік желіде бұл қыздың жағдайының қызу талқыға түсіп жатқанынан Нұр-Сұлтан қаласының денсаулық сақтау басқармасы толықтай хабардар. Дәл қазір басшылық бұл қыздың өзімен де, отбасымен де жолығып, қажетті медициналық тексерулерден өткізіп жатыр. Алдағы уақытта дертінен толықтай айығады деген үміттеміз», - деді Нұр-Сұлтан қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер Stan.kz тілшісіне.


stan.kz
Автор
Жандос

Журналист