KZNEWS.KZ
Аймақ

Сұлтанғазиевті Әрінов алмастыруы мүмкін...

• Қалмаханбет Мұқаметқали
Фото: ашық дереккөздерден

Бұған дейін Алматы облысына жаңа әкім тағайындалатыны туралы жазғанбыз.

Мәлім болған ақпаратқа сәйкес, ертең Алматы облысының әкімі қызметіне генерал-лейтенант Шыңғыс Әріновтың кандидатурасы ұсынылуы мүмкін. Бұл туралы KazTAG агенттігі хабарлайды.

4 қыркүйек күні сағат 10:00-де Қонаев қаласында облыстық мәслихат депутаттарының жиыны өтеді. Онда Алматы облысының жаңа әкімін тағайындауға келісім беру мәселесі қаралады.

Шыңғыс Әрінов бұған дейін Төтенше жағдайлар министрі қызметін атқарған. Ол бұл лауазымға 2024 жылғы ақпанда тағайындалған. Оған дейін, 2022 жылғы қаңтардан бастап, Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары әрі Президент күзеті қызметінің бастығы болды.

Әріновтың мемлекеттік күзет саласындағы қызметі 2006 жылдан басталады. Осы кезеңде ол арнайы органда түрлі офицерлік және басшылық қызметтер атқарған.

Сондай-ақ, ашық дереккөздерде Шыңғыс Сайранұлы Әріновтің 1983 жылдың 29-қазанында Алматы облысында дүниеге келгені жазылған.

Қалмаханбет Мұқаметқали
Журналист-экономист. Журналистика саласында 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.
Автордың басқа материалдары →