Алматы облысының әкімі ауыса ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматы облысының әкімі ауыса ма?

Алматы облысының әкімі ауыса ма?
Фото иллюстрация: kznews

Жоғарғы билік эшалонындағы ауыс-түйіс аймақтарда жалғасатын сияқты. Алғашқы лекте Алматы облысы тұр.

Мәлім болған ақпаратқа сәйкес, ертең Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қызметінен кетеді. Бұл туралы облыстық мәслихаттың депуттарына жіберілген ресми шақыру нұсқаулығында айтылған.

"Ертең, 4 - қыркүйекте, Алматы облыстық мәслихатының депутаттары Қонаев қаласына жиналып, өңірдің жаңа әкіміне қатысты Президент енгізетін кандидатураны келісу мәселесін қарайды" делінген хабарламада.

Еске салайық, Алматы облысын 2022 жылғы маусымнан бері Марат Сұлтанғазиев басқарып келеді. Ол Президент Жарлығымен 2022 жылғы 11 маусымда облыс әкімі болып тағайындалған болатын.

Әзірге жаңа әкімнің кім болатыны және Сұлтанғазиевтің алдағы қызметіне қатысты қандай бір дерек жарияланған жоқ.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.