Әлемге әйгілі түрік актері, «Сұлтан Сүлеймен» телехикаясындағы басты рөлі арқылы кеңінен танылған Халит Эргенч жақын арада Қазақстанға келеді, деп хабарлайды kznews.kz.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, кездесу 14 қыркүйек күні сағат 19:00-де Алматыдағы Республика сарайында өтеді. Кеш барысында актер өз шығармашылық жолы, кино саласындағы тәжірибесі, танымал жобалардағы жұмысы мен өміріндегі қызықты сәттер туралы әңгімелеп, көрермендердің сұрақтарына жауап береді.
Қазақстандық жанкүйерлеріне арнаған бейнеүндеуінде Халит Эргенч алдағы кездесуді асыға күтетінін жеткізді.
«Сәлем, Қазақстан! 14 қыркүйекте Алматыдағы Республика сарайында жүздесеміз. Баршаңызды көргеніме қуанышты боламын. Кездескенше!» – деді актер.
Кештің концерттік бағдарламасы да ерекше форматта ұйымдастырылады. Symphosaz этно-симфониялық оркестрі танымал түрік сериалдарының әуендерін симфониялық өңдеуде орындап, көрермендерге арнайы музыкалық бағдарлама ұсынады.