Қырғызстанда 18 жасар қыз жігітпен сүйіскенде тілін тістеп, жұлып алған деген даулы оқиға жайлы тағы ақпарат шықты, деп хабарлайды kznews.kz.
Бұл туралы:
"Бәленің бәрі өзінен бопты. Өмірде не күле алмайтын, не жылай алмайтын жағдайлар болады екен ғой...
Сүйісемін деп тілі мен ернінен айырылған Қырғызстандық жігіт осы.
Бұл оқиғаға қатысты ақпарат шықты. 18 жастағы қыз оның қызы болмаған. Оқиға таныстарының тойында болған. Ішіп алған бұл 18 жасар қызға өзі соқтыққан. Қайта-қайта жабысып, мәжбүрлеген. Қызды құшақтап сүйіп жатқанда, ашуланған қыз оның тілі мен ернін жұлып алған. Дұрыс істепті.
Жігіттің туыстары қыздың ата-анасын жағалап, кешірім сұрап жүр дейді.
Енді бұл жігіт ешқашан қызға жоламайтын шығар, әәә!?" – деп жазды Бекболат Қаржан өз парақшасында.