Танымал әнші Төреғали Төреәлінің жұбайы Толқын Тұрарбекқызы әлеуметтік желідегі оқырмандарымен қуанышты жаңалығын бөлісті. Ол тұңғышы Кәусардың жаңа жетістігін айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады, деп хабарлайды kznews.kz.
Толқынның айтуынша, бес жасына дейін Қытайда ем қабылдап, бірнеше күрделі операциядан өткен Кәусар еңбектей бастаған.
Бұл жаңалықты анасы үлкен қуанышпен қабылдап, қызының әрбір жетістігі ол үшін ерекше екенін жеткізді. Кәусардың денсаулығына байланысты ұзақ уақыт ем алып, бірнеше қиын кезеңнен өткенін ескерсек, оның өздігінен қозғала бастауы отбасы үшін маңызды қадам болып отыр.
Толқын Тұрарбекқызы қызының осы жетістігіне қуанып, қуанышын оқырмандарымен бөлісті. Желі қолданушылары да отбасыға жылы тілектерін білдіріп, Кәусардың дені сау болып, алдағы уақытта бұдан да үлкен жетістіктерге жетуін тіледі.