Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектептердегі жаратылыстану бағытының пәндерін бір пәнге біріктіру туралы қоғамда қызу талқыланып жатқан мәселеге қатысты ведомствоның ұстанымын түсіндірді, деп хабарлайды kznews.kz.
Соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен қоғамда физика, химия және биологияны бір пән аясында оқыту бастамасы жиі айтылып жүр. Министр бұл сұраққа Алматыда өткен II халықаралық жас ғалымдар конгресінде жауап берді.
"Бір нақты мәселенің басын ашып айтқым келеді. Қазір жаратылыстану пәндерін – физика, химия және биологияны біріктіру жөніндегі ұсыныс қызу талқыланып жүр. Алайда Оқу-ағарту министрлігі өз ұстанымын анық білдірді: бұл пәндер біріктірілмейді", – деді Жұлдыз Сүлейменова.
Министрдің айтуынша, әр пән өз табиғатына сай жеке оқытылатын болады: