KZNews.kz
Жаңалықтар

Сүйінші, ағайын! Еділ Жаңбыршин бар қазақты қуантатын жаңалығын бөлісті (ВИДЕО)

Қайсар Қанат
Youtube/Нартай Аралбайұлы. Суретте: Еділ Жаңбыршин

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин елімізде ЛГБТ насихатына ресми түрде тыйым салынғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды kznews.kz.

Депутаттың айтуынша, Қазақстан Парламенті балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қорғауға бағытталған маңызды шешім қабылдаған. Атап айтқанда, 2025 жылғы 12 қарашада Мәжіліс заң жобасын екінші оқылымда мақұлдаса, бүгін Сенат құжатты толық қолдаған.

1Ел болашағын қорғайтын заң қабылданды. Енді ЛГБТ насихатына, әсіресе балаларға бағытталған контентті таратуға заң жүзінде тыйым салынды. Бұл – жасөспірімдердің психикалық, әлеуметтік және моральдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шешім", – деп жазды Жаңбыршин.

Оның сөзінше, жаңа талаптар бұқаралық ақпарат құралдарына, әлеуметтік желілерге, жарнама мен мәдени өнімдерге қатысты болады. Депутат бұл бастаманың дәстүрлі отбасы құндылықтарын сақтауға және ұлттық болмысты қорғауға арналғанын атап өтті.

Сондай-ақ ол Eurasian Monitor зерттеуіне сілтеме жасап, қазақстандықтардың 87 пайызы аталған шешімді қолдайтынын жеткізді. Жаңбыршиннің пікірінше, қоғамда резонанс тудырған радикалды акциялар мен символикаларды насихаттау әрекеттері мұндай қадамның қажеттігін көрсеткен.

"Бұл заң ешкімнің жеке құқығын шектемейді. Керісінше, қазақ қоғамының болашағын, баланы және отбасылық институтты қорғауға бағытталған", – деді депутат.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары