KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Сүйінші, ағайын! Әнші Алтынай Жорабаева асыға күткен қуанышты хабарын жеткізді

• Қайсар Қанат

Әнші Алтынай Жорабаева отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті, деп жазады Alash.kz.

Өнер иесі желідегі парақшасында қызының тұрмыс құрып жатқанын сүйіншілеп, болашақ құдаларымен танысқанын айтты.

“Балапандарымызға Тағдырдың тартуы тек , ТӘТТІ болсын.

Көп нәрсе айтқым-ақ, жазғым да келіп тұр.

Балаңның әрбір қуанышы, ата-ана үшін мың есе қуаныш қой.

Тәтті шәй тәттілермен басталды.

Ақ көңіл, адал ниетпен ақ дастархан басында бас қосып, болашақ құдаларымызбен танысып, көңілімізді бірлеп алдық, шүкір.

Өміріміздің “ҚҰДА-ҚҰДАҒИ” деген асуы басталғалы жатыр, бұйырса.

Әр белес , әр сәт - бақыт. Өсіріп отырған ұл-қыздарымыздың тек қызығын көруді нәсіп ет Аллаһым.

Артық сөз жазбай, ақ жарма тілектеріңізді жазып, балапандарға бақыт тілеп қойыңыздаршы.

ӨЙТКЕНІ, ЕСЕЛЕП ӨЗДЕРІҢІЗГЕ ҚАЙТАДЫ.

Жұғысты болсын”,- деп жазды әнші Алтынай Жорабаева.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →