Freedom Finance-тың бұрынғы топ-менеджері ҚазТАГ-тан жеңіліп қалды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Шұғыл хабар! Грузия мен Әзербайжан шекарасында Түркияның әскери ұшағы құлады

Шұғыл хабар! Грузия мен Әзербайжан шекарасында Түркияның әскери ұшағы құлады
ашық дереккөзден

БАҚ мәліметінше, Грузия мен Әзербайжан шекарасында Түркияға тиесілі әскери ұшақ апатқа ұшыраған, деп хабарлайды kznews.kz.

Бірқатар ақпарат көздері бұл туралы грузиялық "Имеди" телеарнасына сілтеме жасап жазған.

"Грузия мен Әзербайжан шекарасында Түркияның әскери ұшағы құлады деген болжам бар", – деп хабарлады телеарна өз Instagram парақшасында.

17:10-дегі жағдай бойынша бұл ақпарат ресми түрде расталмаған. Қаза тапқандар мен жараланғандар туралы мәлімет әлі жарияланбады.

Кей БАҚ "әскери тікұшақ құлады" десе, кей дереккөздер "әскери ұшақ" екенін хабарлаған.

Түркия Қорғаныс министрлігі де оқиғаға қатысты түсініктеме берді:

"Әзербайжаннан Түркияға бағыт алған C-130 әскери-көлік ұшағы Грузия мен Әзербайжан шекарасында апатқа ұшырады", – делінген министрліктің ресми хабарламасында.

Қазір Түркия, Әзербайжан және Грузия биліктері бірлесіп іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер