"Шетел агенті": депутат сырттан қаржыландыру тетігін қайта қарауды ұсынды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қаза тапқандар бар: Жолаушылар ұшағы тас жолға құлады

Қаза тапқандар бар: Жолаушылар ұшағы тас жолға құлады
shutterstock.com

АҚШ-тың Техас штатындағы Ларедо қаласында бизнес-джет тас жолға құлап, артынша өртеніп кетті. Апат салдарынан бір адам қаза тауып, бірнеше адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды kznews.kz.

Associated Press мәліметінше, NetJets компаниясы пайдаланған Cessna Citation Latitude ұшағының бортында алты адам болған. Олардың бірі оқиға орнында көз жұмып, қалған бесеуі медициналық көмекке жүгінген.

Апат Ларедо халықаралық әуежайының маңында болған. Полицияның хабарлауынша, ұшақ құлар алдында диспетчерлер бортта техникалық ақау бар екенін білген. Көп ұзамай экипажбен байланыс үзіліп, әуе кемесі Loop 20 тас жолына құлаған.

Оқиға орнынан түсірілген видеоларда куәгерлер мен құтқарушылардың жанып жатқан ұшақ ішіндегі адамдарды шығаруға көмектескені көрінеді. Өтіп бара жатқан адамдар кабина терезесін балға және күрекпен сындыруға тырысқан. Куәгерлердің сөзінше, бірнеше адам, оның ішінде жасөспірімдер мен экипаж мүшесі аман қалған.

Ұшақ құлаған кезде оның бір бөлігі тас жолмен келе жатқан көлікке тиген. Көліктегі адамдар аман қалып, олар да ауруханаға жеткізілді. Сонымен қатар құтқару жұмыстарына қатысқан бес полицей түтінге улану белгілерімен дәрігерлер көмегіне жүгінді. Олардың жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр.

Апаттан кейін Loop 20 тас жолындағы қозғалыс екі бағытта да уақытша жабылды. Мамандар ұшақ сынықтарын жинап, төгілген авиациялық отынның салдарын жою жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Оқиғаның нақты себебін АҚШ-тың Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесі анықтайды.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер