Бекет атаға барып, кейін жоғалып кеткен үш адам Маңғыстауда табылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Шұғыл: Атырауда әкімнің міндетін атқарушы пара алды деген күдікке ілінді

Шұғыл: Атырауда әкімнің міндетін атқарушы пара алды деген күдікке ілінді
Фото: @halyqstan

Атырау қаласы әкімінің міндетін атқарушы Тлек Махуов уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінген, деп хабарлайды kznews.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, тергеу әрекеттері 5 шілдеге қараған түні жүргізілген. Қылмыстық іс Атырау қаласындағы кәріз коллекторларын күрделі жөндеу жұмыстарын атқарған «Сапа Құрылыс 2007» ЖШС-нің қызметімен байланысты.

Бейресми ақпаратқа сәйкес, іс материалдарында 100 миллион теңге көлеміндегі пара туралы сөз болып отыр.

«Сапа Құрылыс 2007» ЖШС Атырау қаласының кәріз жүйесін жаңғыртуға қатысып келе жатқан ірі мердігер ұйымдардың бірі саналады. Компания ұзындығы шамамен 25 шақырымды құрайтын кәріз коллекторларын жаңғыртудың бірінші және екінші кезеңдерін жүзеге асыру бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстарында жеңімпаз атанған. Жоба аясында қаланың инженерлік желілеріндегі 21 учаскеде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілген.

Қазіргі уақытта құзырлы органдар тарапынан ресми түсініктеме жарияланған жоқ.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.