KZNEWS.KZ
Қоғам

Стоматологияда тісін емдеткен қыз үш тәулік ес-түссіз жатыр

• Айжан Сыланова
Фото: ашық дереккөз

21 қазанда Ақтөбедегі стоматологиялардың бірінде тісін емдеткен қыздың жағдайы күрт нашарлап, қазір үшінші тәулік бойы ес-түссіз жатыр. Бала өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, деп хабарлайды kznews.kz.

Туысы емхана қызметкерлері шұғыл көмек көрсетуге бірден кіріспегенін алға тартады. Оның сөзінше, кабинетте алғашқы көмекке арналған медициналық қобдиша болмаған.

«Сіңлімнің “103 шақырыңыздар” деп айқайлағанына ешкім мән бермеді. Ол жылап сұрағаннан кейін ғана көрші кабинеттегі медбике жедел жәрдем шақырды», – дейді қыздың туысы.

Әйелдің айтуынша, ауруханаға жеткізу кезінде баланың жүрегі тоқтап қалған. Медициналық мекемеде де жүрегі екінші рет тоқтағанын жеткізді.

Қазіргі уақытта қыздың жағдайы туралы толық ақпарат жарияланған жоқ. Оқиғаның мән-жайы мен стоматология қызметкерлерінің әрекетіне қатысты ресми мәлімет әзірге белгісіз.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →