Әлем

Стамбулдың экс-мэріне 2352 жылдық түрме жазасы берілмек

Стамбулдың экс-мэріне 2352 жылдық түрме жазасы берілмек
Фото: ашық дереккөзден

Стамбулдың бұрынғы мэрі Екрем Имамоғлуға бірқатар ауыр айып тағылып, оны 2535 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына соттау ұсынылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Басылымдардың хабарлауынша, Стамбулдың бас прокуроры Имамоғлу ісіне қатысты ресми айыптау құжатын толық дайындап болған. Айыптау актісінде көрсетілгендей, аталған іс бойынша 407 күдікті бар: олардың 105-і қамауда, 170-і сот бақылауында, 7 адам іздеуде, сондай-ақ 5 адам "жәбірленуші күдікті" ретінде тіркелген.

Құжатқа сәйкес, бұрынғы мэрге 142 эпизод бойынша айып тағылып отыр. Соның ішінде:

12 эпизод – жемқорлық,

7 эпизод – ақша жымқыру,

7 эпизод – алаяқтық баптары бойынша тіркелген.

Mynet Haber таратқан ақпаратқа сенсек, Стамбул бас прокуратурасы Екрем Имамоғлуға 828 жыл 2 айдан 2352 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын талап етіп отырғаны айтылған.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz