Жоғарғы аудиторлық палата: Ұлттық қордың қаржысы көшет сатып алуға жұмсалған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

СҚО-да жүк тасымалдаушыларында коронавирус расталды - Қазақстан жаңалықтары

СҚО-да жүк тасымалдаушыларында коронавирус расталды - Қазақстан жаңалықтары

Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус инфекциясы анықталған екі адам вирусты Ресейден жұқтырып әкелген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Штабтың мәліметінше, коронавирус  анықталған ер адамның біреуі 1988 жылы туған азаматы.Ол жүк тасымалдаушы. Омбы қаласынан 27 мамыр күні М.Жұмабаев ауданындағы "Қарақоға" бекеті арқылы өткен. Оның қанша адаммен  байланысқаны белгісіз.

Екінші адам 1979 жылы туған. Ол Екатеринбург қаласында дәнекерлеуші. 27 мамыр күні Мамлют ауданындағы "Жаңажол" бекеті арқылы өтіп, індетке тексерілген. Вирусты жұқтырғаны анықталғаннан кейін Мамлютка қаласындағы карантиндік стационардан Петропавлдағы бірінші қалалық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесіне ауысты. Онымен бір адамның байланыста болғаны анықталды.

Екі адамның да жағдайы қанағаттанарлық. Емдеу шаралары жүрізілуде.


stan.kz
Автор
Еркебұлан