Ұлытаулық ақсақал Парижге дейін үш мың шақырымға жуық жолды жаяу жүріп өтті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Спорт басқармасындағы жанжалдан кейін Серік Сәпиевтің орнына басқа адам тағайындалды

Спорт басқармасындағы жанжалдан кейін Серік Сәпиевтің орнына басқа адам тағайындалды
Фото: Туризм және спорт министрлігінің баспасөзі

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметіне Нүркен Нұратов тағайындалды. Оның кандидатурасы Туризм және спорт министрлігі жанындағы арнайы комиссияның оң қорытындысынан кейін ресми түрде бекітілді, деп хабарлайды kznews.kz.

Айта кетейік, бұған дейін бұл лауазымды олимпиада чемпионы Серік Сәпиев атқарған еді. Жаңа басшыны тағайындау шешімі оның кәсіби тәжірибесі мен басқарушылық қабілетін ескере отырып қабылданған.

Нүркен Нұратов спорт саласында тәжірибесі мол маман ретінде белгілі. Ол осыған дейін Алматы облысының Олимпиадалық резерв даярлау орталығын басқарып, өзін білікті ұйымдастырушы ретінде көрсете білді.

Енді оған өңірде бұқаралық спортты дамыту, спорт инфрақұрылымының сапасын арттыру және саланы жүйелі түрде ілгерілету міндеттері жүктеліп отыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.