Тоқаев Көшпенділер ойындарында топ жарған ұлттық құраманы құттықтады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанның спорт министрі Көшпенділер ойындарындағы медальға қатысты даудан кейін пікір білдірді

Қазақстанның спорт министрі Көшпенділер ойындарындағы медальға қатысты даудан кейін пікір білдірді
фото: ашық дереккөз

Қазақстанның туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қорытындылап, бауырлас қырғыз халқына қонақжайлылығы мен жылы қабылдауы үшін алғыс айтты. Министрдің үндеуі жексенбі күні кешке Туризм және спорт министрлігінің Telegram-арнасында жарияланды, деп хабарлайды kznews.kz.

"VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары – бауырлас халықтарды ортақ тарихы, дәстүрі мен ұлттық спорты арқылы жақындастыратын ерекше халықаралық дода.

Осы дүбірлі дода аясында Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетіне қарасты Мемлекеттік дене шынықтыру және спорт агенттігінің директоры Урмат Асанбаевпен кездесіп, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жұмысымызды қорытындыладық.

Кездесуде Урмат Асанбаевқа құрмет көрсетіп, садақ сыйға тарттым. Садақ - көшпенділердің бай мұрасы мен халқымызға ортақ дәстүрдің символы.

Қазақ пен қырғыз – тарихы тамырлас, рухы бір, салт-дәстүрі сабақтас бауырлас халықтар. Осындай халықаралық жарыстар екі елдің спортшылары мен спорт саласының мамандарын жақындастырып, достық байланыстарымызды одан әрі нығайта түседі.

Қырғызстандағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындары жоғары деңгейде өтті. Қырғыз ағайындарға қонақжайлығы мен ыстық ықыласы үшін алғыс айтамын!" - делінген үндеуде.

Бұған дейін Қазақстан мен Қырғызстанның 6 қыркүйекте аяқталған Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының нәтижесін екі түрлі есептегені белгілі болған еді. Дау медальдар кестесіндегі көшбасшыға қатысты туындады.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.