“Түсіндірме жұмысы” – Конститутциядан орыс тілін алып тастауды талап еткен Дина Елгезектің үйіне полиция барды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Созақ ауданының тұрғынына 101 жаста жаңа жеке куәлік жасалды

Созақ ауданының тұрғынына 101 жаста жаңа жеке куәлік жасалды

Түркістан облысының тұрғыны жүз бір жасында жаңа жеке куәлігін алды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Созақ АПБ-нің полиция қызметкерлері жергілікті тұрғындарға, соның ішінде қарттарға, ҰОС ардагерлері мен мүмкіндігі шектеулі жандарға құжатын жасап беруге, ары-бері сандалтпауға үнемі көмек көрсетіп отырады.

Осы мақсатта Созақ АПБ-нің қызметкерлерінен құрылған мобильдік топ халық арасында сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, жеке куәлігінің мерзімі өткен, бір ғасыр жасаған әжені анықтады. Содан кейін ақ жаулықты ананы шаршатпастан қажетті құжаттарын жинақтап, фото-бейнеге түсірді.

Осылайша Созақ ауданының тұрғыны Сырғакүл Керімбековаға жеке куәлігін қайта жасап беруге көмек беріліп, дайын құжаты табысталды. Өз кезегінде 101 жасқа келген кейуананың куанышында шек болмады. Ол полиция қызметкерлеріне және оларды басқарып отырған басшыларына аналық алғысын жаудырды. Жұмыстарына табыс тілеп, шынайы ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

Жалпы, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің тапсырмасына сәйкес Түркістан облысы Полиция департаментінде құжаттанбаған немесе КСРО құжатымен қалып қойғандарға, егде жастағы жүріп-тұруы қиын қарияларға құжат рәсімдеу мақсатында көші-қон қызметкерлерінен арнайы мобильдік топтар құрылып, қарқынды жұмыс жүргізуде. Ең басты мақсат – халыққа қолайлы қызмет ұсыну болып табылады.

Автор
Нұрсұлтан