Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Сотта Назарбаевтың жиеніне қатысты қандай іс қаралып жатыр

Сотта Назарбаевтың жиеніне қатысты қандай іс қаралып жатыр

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Әлиевтің адвокаттары сотқа тиісті құжаттарды ұсынып, жылжымайтын мүлікті сатып алуға оның әкесінің еш қатысы жоқ екенін дәлелдеуге тырысып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз – Sputnik. Ұлыбританияның қылмыспен күрес жөніндегі ұлттық агенттігі (NCA) Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиевтің Лондондағы үйге ақшаны қайдан алғанын көрсетуді талап етіп отыр. Баспананың құны - 80 миллион фунт стерлинг (41 млрд теңгеге жуық).

"Іс Лондонның Жоғарғы сотында қаралып жатыр", - деп хабарлайды РИА Новости NCA өкіліне сілтеме жасап.

Баспана Лондонның солтүстігіндегі Хэмпстед ауданында орналасқан. Жерасты бассейні мен кинотеатры бар. Жылжымайтын мүлік офшорда тіркелген екі компанияға тиесілі. Алайда NCA мәліметіне сәйкес, үйде 35 жастағы Әлиев әйелі Аида және екі баласымен бірге тұрады.

Айыптаушы тараптың айтуынша, үй Нұрәлінің әкесі Рахат Әлиевтің бизнесімен байланысты. Ол қазақстандық банктің екі топ-менеджерін өлтірді деп айыпталып түрмеге қамалған болатын. 2015 жылы австриялық түрмеде өз-өзіне қол салды. 

Әлиевтің адвокаттары сотқа тиісті құжаттарды ұсынып, жылжымайтын мүлікті сатып алуға оның әкесінің еш қатысы жоқ екенін дәлелдеуге тырысып жатыр. 

Тағы оқыңыз: Назарбаевтың жиендері туралы қызықты деректер

2018 жылы Ұлыбританияда Unexplained Wealth Orders (UWO) заңы күшіне енді. Оған сәйкес, 50 мың фунт стерлингтен асатын активі бар шетелдіктерден табыс көзін көрсету талап етіледі. 


sputniknews.kz
Автор
Нұрсұлтан