KZNews.kz
Саясат

Сот экс-банкир Ертаевтың бостандыққа шығуына қатысты түсінік берді

Torgyn Abushakhman

2025 жылғы 2 қыркүйекте Алматы облысы Алатау соты Жомарт Ертаевтың рақымшылық актісін қолдану туралы өтінішін қарады.
Соттың мәліметінше, Ертаев 2020 жылы Алматының Алмалы аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің бірнеше баптары бойынша ауыр қылмыстар жасағаны үшін сотталған. Ол 2018 жылғы қарашадан бері қамауда болып, 8 жыл 3 ай 14 күн жазасын өтеді. Өтелмеген мерзімі – 11 ай 16 күн.

Мекеме Ертаевтың мінез-құлқына «бірінші оң дәрежені» белгілеген.

23 маусымда қабылданған «Рақымшылық туралы» заңға сәйкес, ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін сотталғандар егер өтелмеген мерзімі бір жылдан аз болса және теріс мінез-құлқы болмаса, жазаның өтелмеген бөлігінен босатылады.

Осы негізде сот Жомарт Ертаевтың өтінішін қанағаттандырып, оны негізгі жазасының өтелмеген бөлігі – 11 ай 16 күннен босатты.

Алайда сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, 2020 жылы RBK Bank-тен 144 миллиард теңге жымқырғаны үшін сотталған белгілі банкир Жомарт Ертаев жалпы режимдегі колониядан босатылды.

Кейінірек Ішкі істер министрі Ержан Сәденов экс-банкир Жомарт Ертаевтың рақымшылыққа ілігуіне қатысты пікір білдірді.

Torgyn Abushakhman
Автордың басқа материалдары