Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Сот Бишімбаевтың өтінішін мақұлдады

Сот Бишімбаевтың өтінішін мақұлдады

Азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісін алқабилер қарайды, - деп хабарлайды Kznews.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Астанада бүгін, 12 наурызда өтіп жатқан соттың алдын ала тыңдауында белгілі болды.

"Сот сотталушы Бишімбаевтың істі алқабилер сотында қарау туралы өтінішін қанағаттандыру қажет деп есептейді", - деді судья Айжан Құлбаева.

Сот Қуандық Бишімбаевтың ісін прокурорға қайтарудан бас тартты.

Сот сонымен бірге Бишімбаев тарапының істі "Абайсызда кісі өлтіру" бабына ауыстыру туралы да өтінішін де мақұлдамады.

Судья Айжан Құлбаева Бишімбаевтың Салтанат Нүкенованы ұрып-соққаны түсірілген видеоны алып тастау, тергеу экспериментін жүргізу, Нүкенованың әкесіне және басқа да бірқатар адамға психиатриялық сараптама тағайындау туралы өтінішті де қанағаттандырмады. Мұның бәрі Бишімбаевтың қорғаушыларының сотқа қойған талабы еді.

фото: ашықдереккөз

Автор
Нұрсұлтан